БҰЛ НАҒЫЗ БАҚЫТ ЕМЕЙ НЕМЕНЕ?! Өзіңіз ойлаңызшы. Бүгін аман-сау ояндыңыз. Жер бетінде ұйықтап жатып ояна алмай қалған қаншама адам бар. Ал сіз - тірісіз. Көзіңіз ашылып-жұмылып тұр. Дене мүшеңіз орнында. Еш жеріңіз ауырып тұрған жоқ. Өкпеңіз тыныс алып тұр, жүрегіңіз соғып тұр, асқазаныңыз жеген тамақтарды еш қиындықсыз қорытып тұр.
Алдыңызда сізді күтіп қаншама тірлік тұр:
🔨үйдегі сынып қалған балғаны саптауыңыз керек;
🍙 даладағы құлап қалған пешті бұзып, қайта қалауыңыз керек;
🐂 малыңызды өріске айдауыңыз керек;
🚶🏻 балаңызды киіндіріп, сабағына шығарып салуыңыз керек;
👨🏻💻 жұмысқа барып, онда да өз пайдаңызды тигізуіңіз керек;
👥 арасында ауыл-аймақтан келген туыстарыңызды күтіп алып, шығарып салуыңыз керек;
🚙 ағайынның «барып кел, шауып кел» өтінішін жерге тастамай, орындауыңыз керек;
☕ олармен арқа-жарқа әңгімелесіп, терлеп отырып шай ішуіңіз керек;
👪 ата-анаңыздың кейде айтқан сөгісін көтеріп, көңілін аулауыңыз керек;
👫 әйеліңіздің не күйеуіңіздің кейбір мінезіне шыдамдылық танытып, сабыр сақтауыңыз керек;
💁🏻 біреуге еркелеп, енді біреуді өзіңіз еркелетуіңіз керек!
Ойлана білген адамға нағыз бақыт осы емес пе?! Өз шаруаңыз - өзіңізде, отбасыңызбен, бармен базар болып өмір сүру – нағыз бақыт емей немене?!.